"Темір адам 3" жайлы он дерек

"Темір адам 3" жайлы он дерек

Кемеңгер өнертапқыш әрі миллиардер Тони Старк туралы үшінші фильмнің шығуына бірер күндер ғана қалды. Премьераның басталуы алдында «Темір адам 3» («Железный человек 3») фильмі туралы қызықты деректерді ұсынуды жөн көрдік.

Франшиза бұған дейін, нақтырақ айтсақ, 22 сәуірде Мәскеу таныстырылған болатын.

Сюжет негізінде екі әңгіме баяндалған болатын (Tales of Suspense журналында 1963 жылы комиксі шыққан екен), бірінші әңгімеде Тони Старк пен мандаринның қақтығысы баяндалса, екінші оқиғада биологиялық қару арқылы әлемге қауіп төндіріп тұрған жағымсыз кейіпкерлермен күресуші қаһарман жайлы айтылған.

«Темір адам 3» фильмін қазақстандықтар 2 мамырдан бастап көре алмақ. Айтпақшы, MARVEL-дың әрбір фильмінде құпия жолдау барын ұмытпайық.

Сонымен, MARVEL блокбастері жайлы қызықты 10 дерек:

 «Темір адам 3» фильмінде Роберт Дауни Тони Старк рөліне төртінші рет қадам жасап отыр. Бұл жолы ол Шейн Блэк есімді режисермен бірігіп жұмыс жасап отыр. Бұл жұп бұған дейін «Поцелуй навылет» фильмін түсірген болатын.

√ Үшінші бөлімде Пеппер Поттс бірінші рет Темір адам сауытын киіп көреді. Ол бұл костюмның ыңғайлы әрі жеңіл екенін айтып, қуанышын білдіріпті. Оның балалары да қуаныштарын жасыра алмаған екен.

√ Тони Старк Тенессиде кездесетін Харли есімді баланың рөлін сомдайтын бала бүкіл АҚШ жұртшылығынан іздестірілген. Нәтижесінде, Тай Симпкинс есімді бала таңдалып алыныпты.

√ MARVEL фильмінің оқиғасы Нью-Йоркта болады.

√ Тони Старк Mark 42 деген костюм киеді екен. Тони фильм желісі бойынша бұл сауытты барынша мінсіз етеді. Ақылды костюм иесіне қауіп төнген сәтте өзі-ақ келіп, денесіне киіле береді.

√ Көрермен экран арқылы Старктың шеберханасын көре алмақ. Онда ең бірінші нұсқадан бастап, барлық киімдер ілулі.

√ «Темір адам 3» фильмінің түсірілімі кезінде Роберт Дауни-кіші мен Бен Кингсли тұңғыш рет жұмыс жасайды. Айта кетсек, екі актер де бұған дейін Ричард Аттенбороның фильміне түскен болатын.

√ Бен Кингсли рөлін сомдайтын Мандарин Майямиде түсірілген. Фильмде көрсетілетін сәулеттің барлығын да Майямидың белгілі сәулетшісі Вилл Биская жасаған.

√ «Темір адам 3» фильмі визуалды эффектілерді өте жоғары деңгейде көрсете алады. Картинада 13 адам ұшақтан құлап, оларды бас кейіпкер 4-ақ адам жүгін көтере алатын костюм арқылы қалай құтқаруға талпынатынын көрсететін кадр бар. Бұл көріністі қою үшін 630 парашютшы шақырылған! Көрініс 10 күн бойы түсірілген.

√ Тони Старктың үйіне шабуыл жасалған сәтті көрсету үшін оның арнайы макетін табу үшін  түсірілім тобы Роуз Хиллге жол тартқан. Онда бір уақытта 365 балапанды қуыруға болатын әлемдегі ең үлкен табақ бар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: meloman.kz

А. Құлтай