- Негізгі бет
- Кино
- Компьютерсіз фантастика қалай...
Компьютерсіз фантастика қалай түсірілді?
Экранға не қалайтыныңды түсіріп бере алатын қызметті ұсынатын CGI бағдарламасы жоқ кезде фантастикалық фильмдердің режисерлері қалайша жұмыс жасады деген сауал әркімге-ақ қызық шығар?
Арнайы спецэффектілерсіз фантастикалық қадрлар өткен ғасырда қалай жасалғаны жайлы әңгімелемекпіз. Сонымен ұатар, гиф-анимациялар көмегімен сол фильмдердің үзінділерін ұсынайық.
1. "Язон және аргонавтар («Язон и аргонавты») - 1963 жыл.
4 минуттық эпизодты кадрлық анимациялар арқылы режисер мен түсірілім тобы бес айдан астам уақыт түсіріп біткен.
2. "Он парыз" («Десять заповедей») - 1956 жыл.
Бұл фильмде Қызыл теңіздің ортасынан бөлінуі көрсетілген. Эффектіні жасау үшін арнайы құтыға су құйған да, кейін пленканы артқа қарай айналдырған.
3. «Кинг Конг» (1933) фильміндегі маймыл.
Конг шын мәнінде тек 45 сантиметр көлеміндегі ойыншық болған. Актрисаны бөлек түсіріп алған да, кейін видеомонтаж арқылы екі видеоны тоғыстыра салған.
4. "Лондондағы америкалық қансорғыш" («Американский оборотень в Лондоне») 1981 жыл.
Қансорғыштың трансформациясы. Мұнда адам қолына ұқсайтын арнайы протез қолды робототехника арқылы қимылдатыпты. Артқа айналдырып түсіру де бұл фильмде қолданылған.
5. "Оз еліндегі сыйқыршы" фильмі - 1939 жыл. Торнадо.
Дауыл шын мәнінде тек үстіне құм құйылған мақта болған. Оны қарапайым желдеткіш айналдырып тұрыпты.
6. "Болашаққа оралу 2" фильмі - 1989 жыл.
Уақыт машинасының жерге қонуы. Картина режисері Роберт Земекис қаланың кішкентай ғана прототипіне кәдуілгі көше жарығымен үйлестіріп жасаған.
7. "Фантастикалық саяхат" («Фантастическое путешествие») - 1966 жыл.
Дене интерьері түрлі органдардың жасанды модельдері арқылы көрсетілген.
8. "Үшінші деңгейдегі жақын байланыс" («Близкие контакты третьей степени») фильмі - 1977 жыл.
Белгісіз әуе аппаратының жерге қону сәті. Стивен Спилбергтың фильмінде шыныдан жасалған ұшатын табақ пайдаланылған. Оның салмағы 180 келі болса, көлемі 1,5 метрді ғана құрайды екен.
9. "2001 жылдың ғарыш одиссеясы" «Космическая одиссея 2001 года» - 1968 жыл.
Ғарыш кемесі. Стенли Кубриктың фильмінде алып дөңгелек пайдаланылған. Оны британдық ұшақ құрастыру компаниясы жасаған. Оны құрастыру 750 000 доллар болған!
10. "Звездные войны" фильмі ("Жұлдызды сарбаздар") - 1977 жыл.
"Өлім жұлдызының" жарылуы. Лукас бұл фильмде тұңғыш рет Motion control технологиясын пайдаланыпты. Титан мен бытыра толтырылған қораптың жарылысы дәл осындай эффект беріпті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: filmz.ru
А. Құлтай