Алматыдағы қос кинофестиваль

Алматыдағы қос кинофестиваль

IV Француз киносының фестивалі

Сәуірдің 18-і мен 24-і арасында Алматы қаласында төртінші рет француз киносының фестивалі өткелі жатыр. Алматылық көрермендер 2012 жылы жарыққа шығып үлгерген француздың ең үздік кинофильмдерін тамашалайтын болады. Сонымен қатар осы фестиваль қарсаңында француздың атақты актерлерімен жүздесіп қалуға да зор мүмкіндік туғалы тұр. 

Билеттерді "Арман" және "Цезарь" кинотеатрларының кассасынан алуға болады. Фестивальдің ашылуына байланысты кинофильмнің билетінің бағасы ғана 1000 теңге, ал қалған кинофильмдердің билеті 500 теңгені құрайды. Фестивальге мына фильмдер жол тартады: 

"Өзге кино" кинофестивалі

"Өзге кино" кинофестивалі сәуірдің 18-і мен 30-ы аралығында Иллюзион Atrium кинотеатрында өтетін болады. Фестиваль аясында алматылық көрермен көп марапатқа ие болған жылдың ең үздік кинотуындыларын тамашалайтын болады. Бұл фестиваль үшінші рет болғанымен, Алматыда алғаш рет өткелі жатыр. 

Бағдарлама сюрреализм (модернистік өнердің бір бағыты) жанрында түсірілген Джоэл Потрикустың "Маймыл" атты комедиясымен басталмақ. Бұл кинокартина 2012 жылы Локорнода өткен кинофестивальде ерекше көзге түсіп, қазылардың оң бағасын алған еді. Сонымен қатар бағдарлама тізімінің көшін Йос Стеллингтің "Бойжеткен және Өлім" кинофильмі де бастап тұр. Фильмдегі басты рөлдерді Рената Литвинова, Сергей Маковецкий және Светлана Светличнаялар ойнайды. 

Сонымен қатар, фестивальдің бағдарламасына тағы да мыналар кіреді:

- Вим Вандерстің, Тео Ангелопулостың, Мануэль де Оливейраның және Атом Эгоянның новеллаларынан құралған "Көрінбейтін Әлем" альманағы таныстырылады;

-  Грэм Чапменнің кітабы бойынша "Өтірікшінің өмірбаяны 3D" атты бұзақылық скетчтердің анимациялық жинағы көрсетіледі;

- Кристофер Уокен мен  Кристиан Слейтер басты рөлдерді сомдайтын "Сенімнің өкімі" атты кинофильмнің триллері таныстырылады;

- Оливье Ассаястің "Ауада бір нәрсе бар" жобасы көрсетіледі;

- Испандық режисер Пабло Бергердің көзді арбайтын ақ-қара түсті "Ақшақар" ("Белоснежка") ертегісі көрсетіледі.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: inform.kz, artinfo.kz

А. Әбілхан