Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Әдеп / Әдепті бала азбайды

Әдепті бала азбайды

Әдепті бала азбайды

Баланың тәрбиелі болғаны кімге жаман? Ата-ана болған соң, бәрі баласымен мақтанғысы келеді. Ал балаңмен мақтанғыңыз келсе, оған жақсы тәрбие бере білуіңіз керек. Әсіресе, әдепті бала сүйкімді келеді. Өзгелерден ұялмас үшін бүлдіршінге әдепті болуды үйретіңіз.

Соған орай, балаға келесідей әдептерді үйрету керектігін кеңес етеміз.

1. Кешірім сұрау. Оғаш не оқыс нәрсе жасап қойғанда, балаға кешірім сұрауды үйретіңіз. Кешірім сұрау баланың кішіпейілдігін арттырады. Әрі басқа адамдардың көзінше бейәдепке барса, баладан кешірім сұрату арқылы кінәні жуып-шаюға болады.

2. Алғыс айту. Рахмет айтқан баланың тілі қандай тәтті! Алғыс айтқан бала еңбекті, мейірім мен көмекті бағалауды үйренеді. Әрі адамдарға құрмет көрсетіп, сыйлау қажеттігін түсінеді. Қағілез болып өседі.

3. Сөзді бөлмеу. Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлмеу, оны соңына дейін тыңдау – үлкен мәдениет. Мұндай әдепті балаға үйретсеңіз, бейәдеп, ожар болмайды. Ал балаға сөзді бөлмеуді үйреткіңіз келсе, алдымен, Сіз баланың сөзін бөлмеуді әдетке айналдырыңыз.

4. Рұқсат сұрау. Бала табиғатынан тынымсыз, білімпаз, мазасыз келетіні белгілі. Әйтеуір бір нәрсеге ұрынады да жүреді. Ал баланы болмас нәрсеге ұрындырмас үшін оған рұқсат сұрауды үйретіңіз. Рұқсат сұраған бала қандай әрекетке барып, ал қандай әрекетке бармау керектігін түсіне бастайды.

5. Амандасу. Амандасу артық емес. Кішкентайыңызға бала кезінен бастап амандасуды үйретіңіз. Танымайтын адам келсе, амандығын білсін. Сонда бала адамдармен байланыс орнатуды, қалай сөйлесу керектігін ұғына бастайды. 

6. Үлкендерді құрметтеу. Үлкен кісілерді құрметтеп, оларға орын, жол беруді үйретіңіз. Ол үшін өзіңіз де үлкендерді сыйлау алуыңыз керек. Балаңыз сізге қарап өнеге алатыны сөзсіз. Қарапайым ғана, автобусқа отырғанның өзінде үлкен кісіге орын беріңіз. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: tilshi.kz
Қосылған күні: 28 ақпан, 17:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.