Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Әдеп / Зиялылық дегеніміз...

Зиялылық дегеніміз...

Зиялылық дегеніміз...

Әр елдің салт-санасына орай қабылданған заңдары бар. Оның ішінде этикеттің алатын орны орасан.

Этикет дегеніміз – амандасу, адамдармен дұрыс әңгімелесе білу, қоғамдық орындарда адамның өз-өзін ұстай алуы, қимыл мен киіну.

Джонатан Свифт деген ағылшын жазушысы «тәрбиелі адам мейлінше аз адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырған жан» деген тұжырым түйген.

Ендеше біз де зиялылық, тәрбиелілік, этикет туралы ой саралап көрейік.

Білім алу мен зиялылық (интеллигенттілік) екеуі екі түрлі нәрсе. Зиялы адам мыңдаған шағын нәрсені меңгере білуі керек. Мәселен, сыйласа отырып пікірталастыру, тамақ ішіп отырғанда өзін салмақты ұстау, байқатпай адамдарға қол ұшын созу, табиғатты аялау, қоқыс лақтырмау деген сияқты мыңдаған нәрсені жүзеге асыра білуден зиялылық құралады.

Тәрбиелілік – түсіне білу, қабылдай алу, әлемге төзіммен қарау. Адам баласы өз-өзін жақсы жаққа өзгертемін десе, тәрбиелі де зиялы адам атануға ешқашан кеш емес.

Адамдармен жағымды атмосфера құра алу сүйкімді түрде амандасудан басталады. «Сәлем – сөздің анасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ал қоғаммен бірігіп тыныстау, өзге адамдармен әңгіме-дүкен құра алу ғылымның бір саласы секілді. Әрдайым жетілдіріп, зерттеп отыратын дүние. Адамның сыртқы бейнесі ішкі дүниесімен үндесіп, үйлесіп отыру үшін адам өз-өзімен көп жұмыс істеуі керек. Мәселен, жүрген кезде кеудені тіктеп, ішті тартып, қолды қалай болса солай сермемей, орта көлемде қадам жасаған дұрыс. Тәрбиелі адам өзге біреумен сөйлесіп тұрғанда оның денесіне қолын тигізбейді, ал түймесін, сырғасын ұстап көру, үстіндегі киімін сипалау мүлде жат қылық. Және сөйлесіп тұрған адамның көзіне тік қарап үйрену керек. Өз көзқарасыңды бақылауда ұстап, алдыңызда тұрған адамға әдептен аспай қараған жөн.

Түшкіру, жөтелу, есінеу кезінде аузыңызды басып, шүберекпен жабыңыз. Көшеде танысыңызды көріп қалсаңыз, айғайламай, жанына жеткен соң барып амандасыңыз. Қоштасқанда ол кісінің артынан ұзақ қарамаңыз. Адаммен қол алысып амандасқан кезде, оның көзіне тіке қараған дұрыс.

Әңгімелесіп отырған кезінде тәрбиелі адам мына қағидаларды есінде ұстайды. Әңгімелесу дегеніміздің өзі – ой алмасуы. Ол біреудің монологы немесе адамның өз-өзіне сүйсінуі емес. Сондықтан тақырыптан ауытқып, өзіңіз жайлы көп айтып кетуден сақтаныңыз. Қарсы алдыңыздағы адамның сөздеріне зер салып тыңдап, келіспеген тұстарыңызды ол сөзін аяқтаған соң білдіргеніңіз жөн. Егер айтылған әзілге күлкіңіз келмесе, өтірік күлуден пайда жоқ. Ал сіз бір адаммен әңгімелесіп тұрғанда, ортақ таныстарыңыз келіп қалса, екеуара сыр айтысудан тыйылып, ортақ таныстың қалын сұраңыз. Сізге айтылған сыр мен құпияны ешқашан өзге біреуге айтпаңыз. Тамақтанып отырғанда тәбетті қашыратын әңгімелерді ұмытыңыз. Ал ұшаққа отырып жатып, әуе апаттары туралы сөз қозғау тек қана циниктер мен тәрбиесіз адамдардың ісі болмақ. Адамның ұлтына, діни сеніміне қарсы келетін әңгімелерді мүлде айтпаған дұрыс.

Фото: superiormale.ru
Қосылған күні: 06 қаңтар 2019, 20:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.