Forbes 2020 жылы ең көп ақша тапқан марқұмдар тізімін жариялады

Forbes 2020 жылы ең көп ақша тапқан марқұмдар тізімін жариялады

Forbes 2020 жылы ең көп ақша тапқан марқұмдар тізімін жариялады. Майкл Джексон аталмыш рейтингте осымен қатарынан сегізінші рет бірінші орынды иеленді.

Биыл алғаш рет рэпер Juice WRLD (15 миллион доллар) пен баскетболшы Коби Брайант (20 миллион доллар) бұл тізіміге енді. Былтыр екінші орын алған Элвис Пресли биыл бесінші орынға түсті.  Қайтыс болғаннан кейін де қомақты қаржы табатын атақты адамдардың рейтингі АҚШ музыка нарығындағы сатылымды бақылайтын MRC Data, кинематография бойынша IMDbPro деректер базасы және нарық конъюнктурасын зерттейтін NPD BookScan мәліметтеріне негізделген. Тізім 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңді қамтыған.

 Ең көп ақша тапқан марқұмдардың рейтингі:

©championat.com

1. Майкл Джексон, әнші – 48 миллион доллар. 2009 жылы 25 маусымда 50 жасында қайтыс болған.

©livelib.ru

2. Теодор Сьюз (доктор Суз), балалар жазушысы және мультипликатор – 33 миллион доллар.  1991 жылы 24 қыркүйекте 87 жасында қайтыс болған.

3. Чарльз Шульц, карикатурист, комикстердің авторы – 32,5 миллион доллар. Ол 2000 жылы 12 ақпанда 77 жасында қайтыс болған.

©herald.co.zw

4. Арнольд Палмер, кәсіби гольфшы – 25 миллион доллар. 2016 жылғы 25 қыркүйекте 87 жасында қайтыс болған.

©vestnik.az

5. Элвис Пресли, әнші – 23 миллион доллар. 1977 жылы 16 тамызда 42 жасында қайтыс болды.

©news.day.az

6. Коби Брайант, баскетболшы – 20 миллион доллар. 2020 жылы 26 қаңтарда 41 жасында қайтыс болған.

©trend.az

7. Джаред Хиггинс (Juice WRLD), әнші – 15 миллион доллар. 2019 жылдың 8 желтоқсанында 21 жасында қайтыс болған.

©morrisonhotelgallery.com

8. Боб Марли, музыкант – 14 миллион доллар. 1981 жылы 11 мамырда 36 жасында қайтыс болған.

©radiosputnik.ria.ru

9. Джон Леннон, музыкант – 13 миллион доллар. 1980 жылы 8 желтоқсанда 40 жасында қайтыс болған.

©tjournal.ru

10. Принс Роджерс Нельсон музыкант – 10 миллион доллар. 2016 жылы 21 сәуірде 57 жасында қайтыс болған.

©gazeta.ru

11. Фредди Меркьюри, музыкант – 9 миллион доллар. 1991 жылғы 24 қарашада 45 жасында қайтыс болған.

©pinterest.com

12. Джордж Харрисон, рок-әнші — 8,5 миллион доллар. 2001 жылғы 29 қарашада 58 жасында қайтыс болған.

taratur.com

13. Мэрилин Монро, әнші-актриса – 8 миллион доллар. 1962 жылы 4 тамызда 36 жасында қайтыс болған.

Т. Раушанұлы