Бейсен Құранбек атындағы

Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы жастар арасындағы "Жігер" сыйлығын жариялады.

Мақсаты – Бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Ұйымдастыру комитеті: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

"Жігер" сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз.

Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Сіз туралы әтір сөйлесін
Сіз туралы әтір сөйлесін
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын