Әскери журналистиканың үздіктері марапатталды

Әскери журналистиканың үздіктері марапатталды
Фото: mod.gov.kz

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа – 2019" жүлдесінің жеңімпаздарын марпаттау рәсімі өтті.

Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік деп танылған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімі аталды. Шараға қорғаныс ведомствоның басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму, сыртқы істер министрлерлігі, Парламент депутаттары, Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері, орталық телеарналар, баспа басылымдарының бас директорлары мен редакторлары, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысты.

"Телевидениедегі үздік материал" номинациясы бойынша "Хабар" телеарнасының жүргізушісі Мырзабек Түсіпов жеңімпаз атанды. 

Қазылар алқасының шешімімен "Радиодағы үздік материал" номинациясында Гүлбану Мұхтарқұлова лайық деп танылды. "Шетелдік БАҚ-тағы үздік материал" номинациясы Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі "Во славу Родины" әскери газетінің тілшісі Игорь Кандральға бұйырды.

"Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал" номинациясында "МК в Казахстане" газетінің тілшісі Алексей Мальченко жеңді. "Интернет БАҚ-тағы үздік материал" номинациясында "Tengrinews.kz"  ақпараттық агенттігінің корреспонденті Әсел Сатаева атанды.

Фотокорреспондент Айтжан Мұрзанов "Үздік фото жұмысноминациясына ие болды. "Әскери тақырыпты жария ететін үздік блогер" номинациясында блогер Асқар Қаймақовтың жұмысы жоғары деңгейде деп бағаланды. Лауреттарға дипломдар, естелік мүсіншелермен және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 
А. Рысдәулет