"Джокер" фильмі – ең үздік кинокомикс

"Джокер" фильмі – ең үздік кинокомикс
Фото: youtube.com

Америкалық режиссер Тодд Филлипстің "Джокер" аталатын жаңа фильмі кино тарихындағы үздік кинокомикс атанды. Бұл туралы фильмдер рейтингін есепке алатын арнайы International Movie Database (IMDb) порталы хабарлады. Картина 10 баллдың 9,6-сын жинаған. Фильм Кристофер Ноланның 9 балл жинаған "Қара рыцарь" (Темный рыцарь) фильмін артта қалдырған. 

Бұл жолы "Джокер" рөлін Хоакин Феникс сомдады. Атақты DC комиксі кейіпкерін сомдаған актерлер тізімінде Джек Николсон, Хит Леджер, Джаред Лето, Камерон Монахэн бар болатын. Бэтменнің әйгілі қарсыласы Джокердің өмір тарихын баяндайтын фильмде "есінен ауысқан адамның мінездемесін" толықтай көрсетеді.

Картина сюжеті бойынша Джокер әзірге Артур Флек атымен танымал. Оның "көңілді" сайқымазақтармен жұмысы өз өміріне айтарлықтай әсер етеді. Режиссер Тодд Филлипс пен актер Хоакин Феникс жұмысқа жауапкершілікпен кірісіп, Готэмнің ең қауіпті қылмыскері қайдан  шықты, бұл жолға қалай түсті деген сұрақтарға толықтай жауап бермек.


Картина
Венеция кинофестивалінде бас бәйгеге таласпақ. Ал, сыншылар  Хоакин Феникс "Оскар" жүлдесіне үміткерлердің арасында көш бастап тұрғанын айтады. Фильм үлкен экранға 3 қазанда шығады.

Т. Есқали