Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тупактың Мадоннаға түрмеден жазған хаты бәссаудаға шығарылды

Тупактың Мадоннаға түрмеден жазған хаты бәссаудаға шығарылды

Тупактың Мадоннаға түрмеден жазған хаты бәссаудаға шығарылды

Өткен ғасырдың ең атақты рэпері Тупак Шакурдың Мадоннаға сезімі болған деседі. Ол түрмеге түскенде сүйгеніне арнап бірнеше хат жазған. Алайда олардың бір де бірі былтырға дейін тыңдармандар назарынан тасада болды. Себебі, Мадонна бұл хаттардың тарап кетуін қаламаған.

Былтыр хатты біреу ұрлап кетіп, сатылымға шығарған кезде жұлдыз оны сотқа беру арқылы қайтарып алған еді. Енді сол хат Gotta Have Rock and Roll бәссауда үйінің меншігіне өткен екен. Құнды лот 17 шілде күні бәссаудаға қойылады. Алғашқы құны – $ 300 000. 

Хат 1995 жылы таңғы 4:30-да жазылған. Тупак Мадоннаны тастап кеткені үшін кешірім сұрайды. Оған себеп, қара нәсілді достары мұның ақ нәсілді қызды ұнатқанын жақтырмаған екен. Хатта оны қауіпті адамдар қоршап жүргенін, осыған дейін 5 мәрте атып өлтірмек болғанын айтады.

Бәссаудаға қойылған хаттың бір бөлігі

Айтқанындай, рэпер 1 жылдан кейін, яғни, 1996 жылдың 13 қыркүйегінде қастандықпен өлтірілді. Бұл атақты қылмыстық іске кім кінәлі екенін Keffe D лақап атымен танымал гангстер Дуэйн Кейт Дэвис 22 жылдан кейін айтқан еді.

Бұл құпияны ол Netflix кеңістігінде жарыққа шыққан "Шешімі табылмаған" (Unsolved) деп аталатын деректі фильмдер желісінде жариялады. Keffe D сол кезде Тупак Шакурға оқ атылған машинада отырса да, осы күнге дейін "көше кодексын" бұза алмай келген. Қазір мұндай қауіпті қадам жасауы оған қатерлі ісік диагнозын қоюымен тікелей байланысты. Енді оған қорқатын ештеңе қалмаған.

"Мен Тупактың өлімі туралы бар ақиқатты білетін жалғыз адаммын. Қалғаны өлген. Осы күнге дейін маған шындықты айтқызбай келді. Маған керегі әділеттілік",- дейді Keffe D.

Сонымен,  Тупакты  осы Дэвистің жиені Орландо Baby Lane Андерсон өлтірген. Рэперге оқ атпастан бірнеше сағат бұрын Орландо Шакурдан Death Row Records бандасының белгісі бар медальонды алғысы келген. Бірақ, Тупактың достары оны ұрып жіберген. Соған намыстанған Baby Lane әлемдегі ең атақты рэперге оқ атқан. Бір қызығы, ол осы 20 жыл ішінде Тупак өліміне қатысты айыпталмаған екен. Өзі 1998 жылы Калифорния штатында болған атыста қаза тапқан. Қазір деректер тексерілуде.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 15 шілде, 09:54
Тегтер: тупак, мадонна, хат,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.