Y, X, Z: Сіз қай буын өкілісіз?

Y, X, Z: Сіз қай буын өкілісіз?
Фото: gttn.co

Буындар теориясының негізін қалаған америкалық қоғамтанушы Уилльям Штраус пен Нил Хоув. Олар алдымен АҚШ тарихын бірін-бірі алмастырған буындардың тарихымен сипаттауды ұйғарған болатын. Осылайша, өмірге буындардың қалыптасу жүйесі енді.  

Жоғалған буын. 1883–1900

glavtema.ru

glavtema.ru

XIX  ғасырдың басында дүниеге келген адамдарды "жоғалған буын" деп атаған америкалық жазушы Гертруда Стайн болатын: "Міне, сендер кімсіңдер?! Бәрін осындайсыңдар! – деді мисс Стайн. – Соғыстың өртін көрген барлық жастар! Сендер жоғалған буын өкілісіңдер!"

Стайн "жоғалған буынға" ат беріп өкіл ана атанса, Хемингуэй өзінің алғашқы романына осы тіркесті эпиграф етіп өкіл әке атанды.  

Бұл кезеңде өмірге келгендердің барлығы дерлік қалай Дүниежүзілік соғыстың адамдардың өмірін жалмап жатқанын өз көзімен көрді. Қырғынға қатысты, соны бастады және аяқтады. Әдебиеттің алтын ғасыры да осы уақытқа сай келді. АҚШ-та Хемингуэй және Фицджеральд, Германияда Ремарк пен Кафка, Ресейде Есенин, Маяковский, Хлебников, Қазақстанда Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев осы кезеңнің өкілдері саналады. Әдебиеттен бөлек, бұл кезеңнің қасіреті болған – Адольф Гитлер де тізімде бар.

Ұлы буын. 1901–1924
буын
jazzpeople.ru

Бұл буынды "ұлы" деп атау тек 1998 жылы ғана ойға келді. Бұл уақытта  дүние есігін ашқандардың жастық шағы азаматтық соғыс, Ресейдегі  Сталин дәуірі, мұхиттың арғы жағындағы жастар Ұлы Тоқырау кезеңіне тап болады. Есейе келе, Екінші Дүние жүзілік соғыс алаңында күресуге мәжбүр болады.

Журналист Том Брокау бұл кезеңнің адамдары атақ пен даңқ үшін емес, "дұрыс" деген саналық тәрбиемен өскені үшін күресті деп түсіндіре отырып, "ұлы буын" терминін енгізді.

Бұл кезеңде дүние есігін ашқандар болашаққа екі түрлі қарай бастады: бірі Джордж Оруэлл секілді қорқынышпен, енді бірі Иоанн Павел II секілді болашақтың жарқын болатынына сенді. Поп-мәдениеттің де негізін қалағандар – "ұлы буын" өкілдері. Олардың қатарынан қағаз беттеріне қаһармандарды бейнелеген Стэн Ли, экранға ерекшелік алып клеген Кристофер Ли мен Питер Кушинг және музыканың жаңа бағытын шығарған Луи Армстронг табылды.

Момын буын. 1925–1942
вв
GettyImages.ru

«Момын буын» — Екінші Дүниежүзілік соғыс балалары, ал, мұхиттан ассақ олар тіпті маккартизм балалары. The Time бұл буын балаларын жамандықтан жақсылық нұрын көретіндердің қатарына жатқызған.

Момындығына қарамастан, тарихта "пысықтар" қатарынан табылғандар жеткілікті: Мартин Лютер Кинг, далай-лама, Че Гевара, Михаил Горбачев, Борис Ельцин.  Өнерде де бұл буынның балалары біраз "шу" көтерді: Чак Берри, Элвис және The Beatles. Қазақ даласына вальс билеткен Шәмші де, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да – бұл буынның өкілдері.

Беби-бумерлер. 1943–1960epitafii.ru

Ұлы тоқырау да, соғыс та аяқталды. Болашаққа деген көзқарас өзгерді, туу көрсеткішінің артуы да адамардың жағдайы жақсарғанынан хабар беретіндей. Беби – бумерлер саны – бүгінде көп елдің қартаюына алып келді. Мысалы, көрші Ресей мемлекетінің халқының төрттен бір бөлігі – осы аралықта дүние есігін ашқандар. 

Беби-бум буыны өздерінің шынымен белгілі бір буын өкілдері екенін ұға білді. Олар өз ата-аналарына қарағанда белсенді, білімді әрі жетістікке көп қол жеткізді. Олар ойларын ашық айта алды, ата-анаға қарсы шығып, белгілі бір мәдениет қалыптастырды. АҚШ-та бұл буынның өзін екіге бөледі: бірі 1954 жылға дейін дүниеге келгендер, енді бірі – Late Boomers, яғни кешіккен бумерлер. Бірінші бөлікке Джим Моррисон, АҚШ-тың үш президенті Клинтон, Буш-екінші және Трамп кіреді. Компьютер әлеміне революция жасаған Билл Гейтс пен Стив Джобс 1955 жылы дүниеге келіп, кешіккен бумерлер қатарына ілігеді.

Беби Бумерлер "буын" ұғымының қалыптасуына түрткі болды. Олар еркіндік туралы ән салды...

X буыны. 1961–1981сthrillist.com

«X буыны» терминін фотограф Роберт Капа ойлап тапты: ХХ ғасырды бейнелейді деп түсіндірді. Бұл мағынаға үстеме мағынаны 1991 жылы "Х буыны" деген романын жарыққа шығарып, Дуглас Коупленд сыйлады.

«X буыны» беби-бумерлерден ерекшеленіп тұрді. Олардың саны аз болды: Олар этникалық әр түрлі болатын. АҚШ-та иммигранттар саны артты. Ата-аналардың екеуі де кешке дейін жұмыс істей бастады. Балалар мектептен өз бетімен қайтып, адамдардың арасында еркін қарым-қатынас қалыптастырды.

Бұл уақытта гранж стилі қалыптасты. Заманауи хип-хоп пен и Rʼn’B бағытының қалыптасуын да осы кезеңге жатқызамыз. Өйткені, 1962 жылы MC Hammer дүниеге келді, 1981 жылы Бейонсе дүние есігін ашты. Тупак, Эминем де – осы буынның балалары. Айтпақшы, YouTube та –  осы буынның жетістігі.

Бұл буынды да жиі жоғалғандардың қатарына жатқызады. Бірақ, бұлар "жоғалуы" тек жақсылыққа бастағандай...

Y буыны. 1982–2000
вв

golos-ameriki.ru

«Y буыны» — кешіккен бумерлердің балалары, XX ғасырдың соңғы балалары деп те атайды. Бұлар жаңа ғасырда ер жетеді, сондықтан да кейбір дерек көздері бұл буынды миллениал деп те атауды жөн санаған.

Бұл буынды "адасқандар" деп ұғады: оларға өзімшілдік тән, салмақсыздық танытады, смартфонға тәуелді. Олар интернет арқылы ер жетті, YOLO, селфи және Snapchat терминдерін қалыптастырды. Олар еркін, өз ойларын анық жеткізеді және таңдау құқығына ие екендігін жақсы біледі.

Бұл буынды әлемдік жаңашылдықтың негзігі буыны ретінде қабылдаған.

Z буыны. 2000–…

вв
Малала Юсуфзай, tvc.ru

Х буынын ығыстыратын жаңа ғасыр ұрпақтары да өсіп келеді. «Z буыны туралы» жиі естиміз, бірақ, нақты ешнәрсе білмейміз. Олар 11 қыркүйекке дейінгі әлемді, "Матрицаны", "Гарри Поттерді"  білмейді. Олар тек интернет арқылы өсіп қана қойған жоқ, олар Instagram аккаунты арқылы "дүниеге келді".

Бұл  буын балалары ерте есейеді, ерте шешім қабылдайды және өздерінің не қалайтынын жақсы білетін болады. Бұл буын әзірге тым жас, бірақ әлемді өзгертуді бастап кетті: бірі еркіндік үшін, бірі "хайп" үшін. Бізді не күтіп тұрғанын болашақта білетін боламыз.

 
Т. Есқали