Біліп жүріңіз: сыған халқының түпкі отаны – Үндістан

Біліп жүріңіз: сыған халқының түпкі отаны – Үндістан

"Біліп жүріңіз" бағдарламасының бүгінгі санында сыған халқы жайлы айттық. Балаларын жетектеп үй-үйді аралап сауда жасап, базарларда қайыр сұрап отыратын бұл халықтың өкілдерін көргенде "Осылардың тарихы бар ма екен?", "Неге соншалық кедей тұрмыста өмір сүреді?" деген ой туатын еді. Осы сұраққа жауап іздеп, сығандар жайлы 5 минуттық видео дайындадық. 

Сыған халқының тарихы V ғасырдан бастау алады. Сол кезеңде Үнді падишағы 1000-ға жуық әнші, бишілерден құралған, сауық-сайранмен өмір сүретін өнерпаздар тобын Парсы патшасына сыйға тартыпты. Осылайша сығандар Парсы жерінде өмір сүре бастайды. Уақыт өте парсыларға арабтар шабуыл жасап, жергілікті халықты күштеп Ислам дініне кіргізген. Осы кезеңде өздерінің наным-сенімдерін, дәстүрін, тілін сақтап қалу үшін сығандар жан-жаққа бытырап көше бастайды. Сол заманда өзінің тарихи мекенінен, отанынан айырылған сыған жұрты әлі күнге дейін Жердің түкпір-түкпірінде үйсіз-күйсіз күн кешіп жүр.

Антарктидадан басқа барлық құрлықта сығандар тобыры бар. New York Times басылымының ақпараты бойынша, қазіргі кезеңде олардың саны – 11 миллион.

Сығандар сауықшыл, көшпелі халық. Олардың ән өнеріне әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың өзі қызыққан екен.

Тақырып бойынша толық ақпаратты видеодан аласыз.

А. Қажиев