- Негізгі бет
- Мәдениет
- Жасанды интеллект салған...
Жасанды интеллект салған картина алғаш рет бәссаудада сатылды
Нью-Йоркте өткен Christie's бәссаудасында жасанды интеллект салған сурет $ 432 мыңға сатылды.
Картина "Эдмонд де Белами портреті" (2018) деп аталады. Лот алғашында максимум $ 7-10 мыңға бағаланған екен.
Ұйымдастырушылар хабарлауынша, бұл туынды ойдан шығарылған Белами отбасы туралы серияға жатады. Суретті салған жасанды интеллектті париждік Хьюго Каселлес-Дюпре, Пьер Фотрель мен Готье Верньер есімді жігіттерден құралған Obvious тобы жасаған. Картина салуға кіріспей тұрып, XIV—XX ғасырларға тиесілі 15 000 туынды зерттелген екен.
Хьюго Каселлес-Дюпре, Пьер Фотрель мен Готье Верньер
Портрет салу үдерісіне негізгі екі нейрожелі қатысқан. Бірі — генератор (суретті салушы), екіншісі — дискриминатор (оның көшірме еместігін қадағалаушы). Яғни, жасанды интеллект осыған дейін өзі зерттеген суреттерге сүйене отырып портрет салады, ал дискриминатор оның жаңа өнер туындысы екеніне көз жеткізеді.
А. Оралқызы