Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Белгілі жазушы Бақытжан Момышұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі жазушы Бақытжан Момышұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі жазушы Бақытжан Момышұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі жазушы әрі аудармашы Бақытжан Момышұлының 1986-2012 жылдар аралығында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 
 
Игі шараға зиялы қауым өкілдері мен жергілікті басшылар келді. Шара барысында сөз алған қала әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов: "Біздің Бақытжан ағамыз Бәукеңдей ерекше құбылыстың есімін одан әрі асқақтатқан, Ұлы Отан соғысындағы майдан даласындағы ерлікті, бейбіт өмірде рухани салада жалғастырғанына барлықтарыңыз куәсіздер. Алматы – ғылымның, мәдениеттің, әдебиеттің ошағы десек, осында зиялы қауымға қойылған ескерткіштің саны 500-ге жетер-жетпес. Бұл арғы-бергі тарихымыздағы елге еңбегі сіңген тұлғаларға ғана қойылатынының айғағы. Соның қатарына, міне енді, Бақытжан Момышұлы ағамыз да қосылып отыр. Қала әкімі Бауыржан Байбектің шешімімен осында қойылған ескерткіш тек Бақытжан ағамызға ғана емес, осы әулетке, халқымыздың ерлігіне қойылған ескерткіш деп білемін. Тарихи оқиға құтты болсын, Алматы қаласы әкімдігі атынан, қала халқы атынан алғысымызды білдіреміз", – деді. 
 
 
 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин: "Алматы  Алаштың астанасы, ондағы ғимаратта ескерткіш боп сөйлеп тұру  кім кімге де болса мәртебе. Бақытжан Бауыржан Момышұлындай тұлғаға перзент қана болып қоймай, оның ізбасары атану бұйырған үлкен бақ болды. Соны Бақытжан Момышұлы абыроймен атқарды. Перзенті бола жүріп қолына ұстаған қаламын суытпай қазақтың көркем прозасын белгілі бір биікке көтерген біздің әйгілі перзенттеріміздің бірі болды", – деп өз ықыласын білдірді.
 
Тақтаның ашылу салтанатына арнайы келген филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтес Мырзахметұлы Бақытжан Момышұлы туралы естелігімен бөлісіп, аударма өнеріне таңғалғанын айтты. 

Осыдан соң сөз алған Шәмшәт Төлепова Бақытжан Момышұлының әр жылы еңбекті жеміспен өтіп, көзі тірісінде 23 кітаптың авторы атанғанын айтты. Шараға жиналған жастарға "Халыққа қызмет еткілеріңіз келсе, ұстаз ретінде айтайын Бауыржан мен Бақытжанның шығармаларын оқыңыздар,"-деген тілек айтты. 
 
 
 
Қазақстан Жазушылар Одағы атынан құттықтай келген ақын Бауыржан Жақып "Асылдың тұяғы, қазақтың маңдайына біткен Баукеңнің ұлы Бақытжанның ескерткіш тақтасының ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бақытжан ағамыздың еңбек жолына қарап отырсақ, қолынан қаламы түспеген жазушы. Оның үлкен қыры  журналистік, публицистік қыры, екінші қыры – аудармашылығы. Қазақ тілінен орыс тіліне Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей, Кәкімжан Қазыбаев сынды елімізге белгілі жазушылардың шығармаларын аударды. Ал үшіншісі – жазушылығы. 23 кітаптың авторы болды. Бақытжан ағамызға ескерткіш орнату туралы ұсынысты Жазушылар Одағы мен Ауған соғысы ардагерлері берді. Осындай шараға келгендеріңізге Жазушылар Одағы атынан алғыс білдіреміз", – деді. 
 
 
 
 
Айта кетейік, Бақытжан Момышұлы – 1941 жылы Алматы қаласында туған. Шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, "Ленинская смена" газетінде редактор болып істеген. "Жанымның жарық жұлдызы", "Когда ты рядом", "Во имя отца" т.б. кітаптардың авторы. 

0
Рейтинг: +3

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 05 қазан 2018, 14:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.