Би әлеміне саяхат

Би әлеміне саяхат
Фото: queen-time.ru

"Мен билеймін – бақыттымын. Мен билеймін – азатпын мен"

Би – адамның ішкі сезімін ақтарудың ерекше түрі. Билеу арқылы жылауға, күлуге болады, сүріну мен қайта тұруды сипаттауға болады. Бидің құдіретін түсіну үшін бишінің қимылы мен жанарына назар салсаңыз, жеткілікті. 

Әлемде бидің сан түрі бар. Музыканың ырғағына сай қимылдаудың өзі – би. Бүгін бізбен бірге би әлеміне саяхаттаңыз.

Би тарихы
Би тарихының қай уақытта бастау алғаны белгісіз. Дегенмен, біздің заманымызға дейінгі VI-VIII ғасырда тастарға түскен таңбалар арқылы жаңа мәдениеттің тарихы басталғанын аңғаруға болады.
ывБастапқыда би көңіл көтерудің немесе мәдени ортаның белгісі емес еді. Бұл қарым-қатынас құралы болатын немесе адамдардың ішкі сезімі, олардың өздерін көрсету мүмкіндігі мен ойларын білдіретін еді. Ежелде адамдар барлық маңызды оқиғаларды (махаббат, соғыс, аң аулау) би қимылдары арқылы көрсететін, тіпті, қимылдарында жан-жануарлардың әрекеті кездесетін.
фывБақсылар мен африкалық билер – адамдарға үгіт-насихат жүргізуде биді қолдануға болатындығының анық дәлелі. Олар баяу басталып, музыканың ырғағына сай жылдамдай түседі. Бұл хореографиялық композияциялар адамдарға рахаттану сезімін сыйлап, олардың ойын жаулап алу үшін қолданылған. 

Ал, бүгінде жастардың арасында танымалдылыққа ие заманауи би тарихы 50-жылдардағы рок-н-роллдан басталады. Бұл би жанры қоғамға тың өзгеріс әкелді. Оның пайда болуымен бірге киімдердің стилі, жастардың әрекеттері мен рухани қағидалары да өзгерді. Рок-н-ролл еуропалық және африкалық би үлгілерінің белгілі байқалады: би қимылында ыза басым.

10. Фламенко

Ұлттық киімді міндетті түрде қажет ететін испан биі. Фламенко өзінің бірқалыпты ырғағымен әрі ерекше музыкалық үйлесімге ие болуымен үлкендердің назарын өзіне аудартады. Бишінің бойынан таланттан бұрын құштарлық байқалуы шарт. Білектердің үздіксіз соқтығысуы, жерге тиген өкше мен цыган қыздарының сәнін еске түсіретін бүрмелі етекті көйлектің барлығы үйлесімділік тапса ғана биші көрерменмен тілдесе алады. Басты қиындығы ырғақты сезетін сезімталдықтың болуы міндеттеледі.

9. Сальса, бачата, хастл 

Бұл бағыт соңғы уақытта кең танымалдылыққа ие. Tек би ғана емес, бұл – мерекелік кеш. Құштарлыққа толы жастар, музыкаға сай үйлесімді қимыл, бөксемен қимылдау. Жұптық негізде құрылған би болғанымен, серігіңізді оңай ауыстыра аласыз. Есесіне жаңа таныстар мен достарыңыз пайда болады. Арнайы оқуды қажет етпейді, музыканы сезіне алсаңыз жеткілікті. 

8. Жоғарғы Break Dance, DubStep, Popping, Electric Boogie 
Бұл жанрдың бишілері би әлемінің сиқыршылары іспеттес. Олардың жасайтын әрекеттері ақылға сыйғысыз. Бишілер бүкіл денесін өзінің басқаруында ұстайды. Оларға қарап отырып, бойында сүйектің барына күмән келтіре бастайсыз. Қиындығы: брейк-дансты бағындыру үшін оған өзіңді арнауын керек. Сонымен қатар, қиын іс-әрекет барысында жарақат алуы әбден мүмкін. 

7. Disco

60-жылдары музыка, сән мен би мәдениет бастау алды. Диско бағытындағы билер сол заманның әсем көрінісін, еркіндікке деген ұмтылыс пен сән әлеміне деген құштарлықты бейнелейді. 

6. Street dance 

70-жылдардың басында АҚШ-та көшеде топ болып жиналып билейтіндердің қатары артты. Нәтижесінде жаңа мәдени орта өмірге келді. Олар бидің түрлі стильдерін біріктіре отырып, жаңа бағыт қалыптастырды. 

5. Locking

Сахналық би жанры саналатын Locking-ті билеу барысында міндетті түрде жоғары жылдамдық пен күш керек.

4. House dance 

Нью-Йорк қаласындағы үздік бишілердің бірі Ejoe Willson-ның сөзіне сенсек, хаус жанры 1988 жылдан бері халыққа танымал. Хаустың хип-хоптан артықшылығы адамның тәні музыканың әуеніне бағынса, хип-хопта музыкалық соққыға бағынады. Бүгінде түнгі клубтар мен кештерде қосылатын әуен осы хаус бағытына сай келеді. 

3. Jazz Modern, Contemporary Dance 

Балеттің замани бағыты аталатын джаз модерн эстетикалық дәстүрді сақтағанымен, қимыл еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл биді замани би әуендеріне лайықтау мүмкін емес, тех сахналық қойылымға ғана бағытталған. Осы бағытта жетістікке жету үшін бала кезден айналысқан дұрыс. Өйткені, би ширақылықты керек етеді. 

2. Slide man (Moon Walk)
Әйгілі Майкл Джексонның жеке меншік би қимылын пайдалану арқылы дәл қазір жаңа жанр қалыптастырғандар көп. "Айлы жүріс" аталатын би стиліне 20 жүріс түрі тән екен. Еден арқылы сырғанау – аяқтарды қолдану арқылы жасалатын иллюзия. 

1. Robot (Robotics, hydraulic movements) 

James Brown (“Goodfoot“, 1969), Los Angeles. The Tick — робот стилінде алғаш билегендердің бірі. Бұл технология әлемінің басты жаңалығы болған роботтың қимылын әуенге сай адамдардың қайталауы арқылы сипатталады.

Би туралы қалыптасқан ақылға қонымсыз пікірлер: 

• "Билеуді бірнеше сабақтан соң үйреніп алуға болады"
Би қимылын жаттап алу – "билеуді меңгердіңіз" дегенді білдірмейді. Билей алу – музыка ырғағына тура түсу және еркін қимылдау. Қойылымдарға дайындық барысында үйрену немесе белгілі бір ережеге бағына отырып билеу сіздің еркіндігіңізге шектеу қояды. Демек, өзіңізді темір торда отырғандай сезінсеңіз, қателесемін деп қорықсаңыз, бидің не екенін әлі ұқпағаныңызды көрсетеді. 

• "Менің талантым жоқ" 
Белгілі бір мақсатқа жету үшін таланттың керегі жоқ, одан мың есе артық шыдамдылық пен жауапкершілік керек. Қимылдап үйрену үшін бұлшық етті жаттықтыру керек. Би техникасын меңгеру үшін талант керек емес, бірақ, өнер туындысы үшін керек. Яғни, керемет нәрсе жасаймын деген мақсатыңыз болмаса, талантсыз-ақ билеуге болады. 

• "Әдімі және сұрықсыз қимылдар бола ма?"
Жоқ, тек үйлесімсіз әрекет болуы мүмкін. Егер бишінің дайындығы аз, қимылы сенімсіз әрі шашыраңқы болса, биді әдемі қойылым емес деп сынауға болады. Бірақ, эстетикалық тұрғыдан қимылдар сұрықсыз болуы мүмкін емес. Өйткені, би – адамның дыбысқа қарама-қарсы бағыттайтын реакциясы, ол әртүрлі болады. Биші музыканы сезгеніне байланысты билейді. Биді "сапалы – сапасыз", "қызықты – іш пыстырарлық" деп сынауға болады. Бірақ, "әдемі" деу ақылға сыйғысыз, сұлулық – талғамға байланысты. 

• "Әйелге тән немесе ер адамға тән қимылдар болатыны шын ба?" 
Ырғақты би — ер адамдарға тән, көркем — қыздарға тән; өрескел әркеттер – ер адамға, ал, баяу қимылдар әйел адамға тән деген пікір қалыптасқан. Бұл – стереотиптер. Өйткені, биде "жыныс" жоқ. 

Билеуге тұрарлық 5 себеп:

Би – тәннің сұлулығын сақтап қана қоймай, жаныңызды тыныштандырып, күйзелістен арылтады. Билеу барысында эндорфин (ауырсынуды басып, эйфория сезімін шақырады)  гормоны бөлінеді. 

Екіншіден, би көптеген дерттің алдын алады (остреопороз, диабет, артық салмақ). Одан бөлек, музыка мидың жұмысын белсенді ете түседі. Ойлау қабілеті даму үшін де адамға қозғалыс керек. Ал, би – таптырмас жаттығу. 

Үшіншіден, қарым-қатынасты күшейтеді. Топтық сабақтар, жұптық жұмыс, адамның әлеуметтік қарым-қатынасын дамытып, оның топта жұмыс істеу дағдысын дамытады. 

Төртіншіден, би адамның өзіне деген сенімділігін арттырады. Ол адамдардан жасқанбайтын, жаңа ортамен еркін араласа алатын қабілетке ие болады. 

Бесіншіден, тән сұлулығы сақталады. Бұлшық еттеріңіз дамиды. Одан бөлек, адамның ойын тазалайды.

Биді қай жастан бастаған дұрыс?
Баланың музыка ырғағына сай қимыл жасайтынын аңғарсаңыз, міндетті түрде биге беріңіз. Бұл бала бойындағы дарынның барын білдіреді. Жоғары атап өткеніміздей дарын мен жаттығу жоғары жетістікке әкеледі.

3-4 жас аралығында баланың сүйегі қатпаған, еті тірі болады. Бұл уақытта олар түрлі акробатикалық жаттығуларды меңгеруге қабілетті. Балет, джаз-модерн секілді би түрлеріне бейімделгенін қаласаңыз, осы жастан кешіктірмеңіз.

Ал, көше билері, хип-хоп секілді би түрлері жас талғамайды. Қабілетті адам қай жаста болмасын меңгере алады. Ал, дарыны болмаса, ұзақ уақытын арнайтыны сөзсіз.

Осымен, би әлеміне саяхатымыз аяқталды. Билейміз бе?
Т. Есқали