Массагетте жаңа жоба: Біліп жүріңіз

Массагетте жаңа жоба: Біліп жүріңіз
Фото: massaget.kz

Массагет сайтында жаңа жоба, жаңа бағдарлама. Өздеріңіз білетіндей, сайт түрлі саладағы қызықты ақпараттар, деректермен база қалыптастырған. 

«Сүйінші!» деп жар салуға да болады. Енді сайттағы мәтіндік контенттерді видео арқылы көріп, тыңдап пайдаңызға асыра аласыз. Әлемде болып жатқан ең қызықты деректер, тарихи оқиғалар, күнделікті тұрмыста пайдаға асыруға болатын кеңестер топтамасы енді «Біліп жүріңіз» бағдарламасында. 

Бағдарлама әр жұма сайын жарық көреді. Алғашқы тұсаукесер айдарында қазіргі кезде ең өзекті мәселеге айналған ағылшын тілін игеру туралы сөз болады. Инфографикалармен бірге бағдарлама жүргізушісі, Массагет тілшісі Марғұлан Ақан сізге пайдалы және қызықты ақпарат ұсынады. 

Қазақ БАҚ саласының кенжелеп қалған видео-контент саласын дамыту мақсатында сайт ұжымы бұл жобаны жастар мен оқушылар үшін ғана емес, кез келген оқырман үшін жұмыс жасайды деп үміттенеді. 


Құрметті оқырман, Біліп жүріңіз! 
Массагетпен бірге болыңыз!

М. Ақан