2017 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі басталды

2017 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі басталды
Фото: Ivbg.ru

Қазан айының екінші жұлдызынан бастап «Нобель» сыйлығын беру апталығы басталады. Нақты кімдердің лауреат атанғаны және кімдердің топ жарғаны құпия түрде сақтаулы тұр.

Кеше ғана екінші қазан күні физология мен медицина саласы бойынша лауреаттар аты аталды. Стокгольмде өткен марапаттау кезінде топ жарған үшін бірдей ғалым: Джеффи Холл, Майкл Росбаш және Майкл Янг.

Ал бүгін физика саласы бойынша сыйлықтар табысталады. Алтыншы қазан күні – әлем бойынша Нобель сыйлығын алған адамның аты алса, тоғызыншы қазан күні, Швеция банкі экономика саласы бойынша жеңімпаздың атын жария етеді. Ал әдебиет саласы бойынша нақты қай күні марапаттау болатыны әлі белгісіз.

2017 жылғы «Нобель» сыйлығын алған ғалымдар 9 млн швед кронын қанжығаларына байлайды. Бұл дегеніңіз - 1,118 млн АҚШ доллары. 

М. Ақан