Дали картиналары бойынша жасалған интерьер

Дали картиналары бойынша жасалған интерьер
Фото: vk.com

BD Barcelona Design – Дали мұрасын пайдалануға құқығы бар жалғыз компания. Интерьер сәнімен айналысатын ұжым бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша жүзеге асыруға тырысып бағуда.

Бұл испаниялық компания жиһаздарының каталогына көз жүгіртсеңіз, құдды Сальвадор Далидің өз картиналарын тамашалап отырғандай күй кешесіз. Нағыз өнер. Бұл жердегі “өнер” сөзі жай жарнама мақсатында ғана қолданылмаған. Бұйымдардың Дали картиналарындағы нұсқасына ұқсастығы сонша, кейде оларды тұрмыста пайдалану қиындық тудырары анық.

Бұл жерде әдемі болса да, ыңғайсыз жиһазды таңдау не таңдамау тұтынушының өз қалауына байланысты. Дегенмен, аталмыш компания бұйымдарына деген сұраныс өте жоғары. Олар «ыңғайлылық» пен «әдемілік» үнемі үндесе бермейтінін жақсы ұғынатынға ұқсайды.

70-ші жылдары BD Barcelona Design компаниясы жаңадан ашылған кездің өзінде оның жиһаздары мен интерьерлік бұйымдарына қызығушылық танытушылар саны аз болмады. Испаниялық темпераментке тұнық өнер туындысындай көркем жиһазға қол жеткізуді армандады.

Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? Жиһаздар сізге ұнады ма? 

А. Оралқызы