"Қазақ Аруы" байқауының қатысушылары таныстырылды

"Қазақ Аруы" байқауының қатысушылары таныстырылды
Фото: tengrinews

"Қазақ Аруы" байқауының қатысушылары таныстырылды. Байқаудың финалы Астанада 22 наурызда өтеді.

Финалға еліміздің қалаларынан 16-25 жас аралығындағы 20 ару өтті. Бұл байқауға қатысудың негізгі талабы ұлттық дәстүр мен қазақ тілін білу. Қазіргі уақытта қыздар белсенді дайындық үстінде. Ақтық сында олар бірнеше кезеңнен өтеді: таныстырылым, қыздардың қазақстандық дизайнерлердің киімдерін киіп шығатын жыл сайынғы дефилесі, сұрақтар конкурсы және дарындар байқауы. 

Қазына Әбдрахман. 22 жас. ОҚО

Айзат Қожабаева. 20 жас. Павлодар облысы

Айкүн Мәкешева. 21 жас. БҚО

Жасмин Әбдірайымова. 17 жас. СҚО

Альмира Ахатқызы. 19 жас. Атырау

Ғайша Дабылова. 21 жас. Жамбыл облысы

Назира Әйтекенова. 19 жас. Ақтау

Арайлым Қадырбаева. 16 жас. Ақтөбе

Аяулым Мақұмова. 22 жас. Астана

Жанерке Асланбек. 22 жас. Маңғыстау облысы

Гүлімай Оразбек. 21 жас. Қарағанды облысы

Сабина Теңбай. 18 жас. Астана

Алма Рымжан. 20 лет. Қарағанды

Қаракөз Жүрсін. 20 жас. Алматы

Айжан Байкен. 18 жас. Астана

Арайлым Әкімәлі. 18 жас. Қызылорда облысы

Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ Аруы-2015" байқауын Қарағанды облысының атынан шыққан Кәмшат Қоскелова жеңіп алған еді. Ал оған дейін маңғыстаулық ару Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын, қазіргі уақытта ол танымал тележүргізуші әрі актриса.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін