Әлемдегі шай мәдениеті дамыған 10 мекен

Әлемдегі шай мәдениеті дамыған 10 мекен

Шай – әлемдегі 3 негізгі сусынның бірі. Шай мәдениеті – әлемдегі тарихы ең ұзақ мәдениеттердің бірі. Әлемнің әр бұрышында шай мәдениетінің дамуы, оны қабылдану әртүрлі деңгейде. Шайдың дамуы кейде сол ел мен аймақтың тұрмыстық өресіне де байланысты болады. Біз әлемдегі шай мәдениеті ертеден қалыптасқан 10 елге назар салып көрейік.


Солтүстік-Батыс Африкада Марокко атты ел бар. Осы елдің Маррокеш атты қаласы шай мәдениетінің бір ошағы болып саналады. Жалбыз шайы осы елдің және Солтүстік Африкалықтардың ең жақсы көретін шайы. Жалбыз шайын әдетте көк шай мен жалбыздан қосып жасайды және шайға қантты көп қосу керек. Бұл ауданда ұсынылған шайды алмау немесе қолын қайтару өте әбес іс болып саналады екен.

Әлемнің жотасы атанған Тибет үстіртінде де шай өркениеті ертеден дамыған. Тибеттіктер шайға қодастың майы мен тұзды қатар салып ішеді. Мұндай шайдың май құрамы жоғары болады да, ыстықтық қуаты да жоғары бола түседі. Тибеттің халқы Бұланайдың суығына мыңдаған жылдар бойы осы шаймен қарсы тұрды десек артық айтқандық болмайды.

Пәкістандықтар қызыл шай мен көк шайды жақсы көріп ішеді. Жергілікті жерде ғана өсетін «Түстік» деп аталатын шай түрі бар. Олар бұл шайға сүт, түрлі жеміс қақтарын қосып ішеді екен.

Орыс жұрты – әлемге самаурынымен танымал. Бұл ыдыс шайды ыстық күйінде сақтайтын қасиетімен әлемнің көп жеріне таралған. Орыстың шай ішу салты өзге жұртқа таңсық. Себебі, славяндар шайды алдымен басқа ыдысқа демдеп алып, оның үстіне қайнаған су құйып ішеді.

Егер Жапонияға барып көрген болсаңыз олардың күрделі рецептермен дайындалған шайынан бірден ләззат ала алуыңыз қиын. Жапонияның шай мәдениеті будда дінінің ықпалына ұшыраған. Күншығыс елінің шай мәдениеті өсімдік шайы мен көк шайға көбірек тәуелді.

Ағылшын еліне шай XVII ғасырда Қытайдан келген. 1660 жылдардағы естеліктер бойынша, осылай деп жазылған екен. Естелікте: «Мен бір стақан шай іштім. Бұл Қытайдан келген бір түрлі сусындық екен. Мен осыдан бұрын мұндай дәмі бар су ішіп көрмеппін» деп жазылған. Қазіргі деректер бойынша, ағылшындар күніне 120 миллион кесе шай ішеді екен.

Американың оңтүстігі жазда өте ыстық келеді. Мұндай ауа-райы жергілікті адамдардың не үшін ыстық шай ішпейтінінің себебі болса керек. Олар мұз бен қант қосылған суық шайды жақсы көреді. Халықтың түсінігінде мұндай шай адамның ыстыққа шыдамдылығын арттырады.

Үнді елінің тұрғындары да ағылшындар сияқты шай ішуді жақсы көреді. Үндістанда шайға сүт және қант қосып ішеді. Үндістанға саяхаттап барған туристер ең алдымен шай сатып алады екен.

Тайланд шайы әдетте қызыл шайға қант пен қою сүт қосылып дайындалады. Оған хош иісті материалдарды да қосады. Тайланд шайы іштегі ыстыққа пайдасы бар деген түсінік қалыптасқан.

Оңтүстік Азияда «Masala» деп аталатын шай өте танымал. Деректер бойынша, бұл шай ағылшындар үнді жерін отарлап келгенде пайда бола бастаған. Бұл шамамен 1858-1947 жылдарға тура келеді. Үндістандағы шай мәдениетінің дамуына ағылшындардың осы шапқыншылығы да үлкен әсер еткен деген болжам бар.

M. Auelkhan