- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мә, мә, ала...
"Мә, мә, ала ғой". Сәкен Майғазиевтің ән кешінде сахнаға жатып жылаған бүлдіршін жұртты күлкіге қарқ қылды
Сәкен Майғазиевтің ән кешінде сахнаға жатып жылаған бүлдіршін Желі қолданушылар күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық жанкүйерлер өнеріне тәнті болған әншіге сахнаға шығып гүл шоғын табыстау мен тәттіні тарту етуді әдетке айналдырған. Осы секілді Сәкен Майғазиевтің ән кешінде де оған сыйлық сыйлағандардың арасында апалы-сіңлілі екі қыз бар. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген видеодан апалы-сіңлінің кішісі өзі берген шоколадты қайта алып кеткісі келіп, сахнаға жатып алып жылағанын көруге болады.
"Мә, мә, ала ғой. Алмаймын десем де, өзің ғой енді берген" - дейді әнші видеода.
View this post on Instagram
Бүлдіршіннің іс-әрекеті көпті күлкіге қарқ қылды. Желі қолданушылары әншінің жазбасының астына түрлі пікір қалдырған.
"Қызғаншақ балаларды олай шығармаяқ қойсаңдаршы, ырбитпай", "Алға қойған мақсатын орындамай қоймайтын, бірегей дана қыз болайын деп тұрған сияқты ғой болашақта", "Зяяяяниииим, аға, сіз де қатырасыз, "өзің ғой енді, алмаяқ қояйын деп едім" деп, сөз тапқанға қолқа жоқ", "Ең бастысы ниеті түзу болған", "Рафаэлоны алғасын жылағанын бірден қоя қойды ма?", "Өзі беріп, кайта алғысы келді ме?", "Тәтті балапан екен", - деп жазды олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қызанақта қандай дәрумендер бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә