Лимон қосылған су мен кептірілген жеміс: стоматолог тіске зиян өнімдерді атады

Лимон қосылған су мен кептірілген жеміс: стоматолог тіске зиян өнімдерді атады
Фото: depositphotos.com

Стоматолог Мауро Маседо тіс саулығына зиян келтіруі мүмкін тағамдар мен сусындарды атады. Бұл туралы ол Terra басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, денсаулыққа пайдалы деп таңертең лимон қосылған су ішу тіске кері әсер етуі мүмкін. Қышқылдың жиі әсерінен тіс кіреукесі тезірек жұқарады.

Маседо кептірілген жемістерді де абайлап жеуге кеңес берді. Олар жабысқақ болғандықтан, қалдықтары тісте ұзақ сақталады. Ал құрамындағы қант тістің бұзылуына ықпал етеді.

Стоматолог жалбызды кәмпиттер мен мұз кәмпиттерді де осы қатарға қосты. Сондай-ақ, спорт сусындары мен кофе, әсіресе қант қосылған кофе тіс саулығына зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget