Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде "Қызыма тілек" деген жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылары Ләйлә Сұлтанқызы жариялаған суреттегі қыздың кім екенін қызу талқылап жатыр.
"Жаратқан сені бізге тым ерекше сый қылып берді. Менің саған айтарым:
- Өмір жолы сені адастырмасын!
- Білімді бол!
- Қуана біл!
- Болашағың жарқын болсын!
- Қалауыңның бәрі орындалсын!
Қызыңызға тілегіңізбен жалғастыра кетіңіз", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы кішкентай қызбен қол ұстасып түскен суретін жариялап.
Жаңа жазбаға "Бұл кімнің қызы?", "Бұл қыз баланы бауырына салып алған ба? Тәп-тәтті, сүйкімді балақай екен", "Бақытты болсын, сізге ұқсайды екен", "Сіздің қызыңыз ба?", "Сіздің копияңыз", "Асырап алды ма?", "Ләйләға ұқсайды екен" деген пікір көп жазылып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!