- Негізгі бет
- LifeStyle
- шоу бизнес жаңалықтары
Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының неден қайтыс болғанын айтты
Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ләйлә Сұлтанқызы жайлы халықты қызықтыратын сұрақтардың бірі - күйеуі Қайрат Беркінбаевтың өлім себебі. Дина Төлепберген халық арасында инфаркт және ішімдікке салыну деген екі гипотеза кең тарағанын айтты.
Тележүргізуші екеуін де жоққа шығарды.
"Мен дұрысын айтайын. Тромбоэмболия. Маған бұл диагнозды түсіндірді. Ол ковидтан кейін байқалды. Негізі ол вакцина алды. Бірақ ковидпен қатты ауырып шықты. Инфаркт емес", - деді ол.
Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының соңғы сәтін еске алды.
"Қарашада каникул кезінде маған балаларды қыдыртып кел деді. Сөйтіп, 3-4 күнге Ыстамбұлға жіберді. Ол бізді әуежайға апарып тастады. Ешқашан шығарып салмайтын. Дәл сол күні шығарып салғысы келді. Суретке түстік", - дейді тележүргізуші.
Еске салайық, 2022 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.
Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған еді. Қайрат Беркінбаев - қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова