- Негізгі бет
- LifeStyle
- Лайфхак: тоңазытқыштағы жағымсыз...
Лайфхак: тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай арыламыз?
Тоңазытқышта әрүрлі тамақтар сақталатындықтан, кейде оның ішінен жағымсыз иіс шығып кетеді. Сондай-ақ бұл жағымсыз иіс тоңазытқыш ішіндегі өнімдерге сіңіп қалады. Тоңазытқыш ішінде жағымсыз иіс пайда болмас үшін не істеу керек? Ал жағымсыз иіс пайда болған жағдайда одан қалай арылуға болады?
Ең алдымен жағымсыз иіс неден пайда болғанын анықтаңыз. Барлық өнімнің жарамдылық мерзімін тексеріп шығыңыз. Жылдам бұзылатын тағамдарды лақтырған жөн.
Содан соң тоңазытқыштың ішін тазалауға кірісіңіз. Ол үшін жылы су мен ас содасынан тұратын ерітінді дайындаңыз. Сондай-ақ оған аздап ыдыс жуатын құрал қосуға болады. Осы ерітіндімен тоңазытқыштың барлық сөрелерін сүртіп шығыңыз. Тоңазытқыштың артқы қабырғасы және есіктің тығыздағыш резеңкелерін сүртуді ұмытпаңыз.
Тоңазытқышты жуып болған соң оны міндетті түрде толықтай кептіру керек. Оның ішін қағаз сүлгімен бір сүртіп алыңыз. Себебі артық ылғал саңырауқұлақ түзілуіне, ал ол жағымсыз иіске әкеледі.
Сондай-ақ жағымсыз иістен арылу үшін табиғи абсорбенттерді қолдануға болады. Мысалы: ас содасы, жаңа ұнтақталған кофе, белсенді көмір, сірке суы бар стақан, лимон бөліктері. Бұл өнімдер жағымсыз иісті өзіне сіңіріп алады.
Тоңазытқышта жағымсыз иіс пайда болмас үшін оның ішіндегі азық-түлік пен тағамдарды жиі тексеріп тұрыңыз: бұзылған өнімдерді шығарып тастаңыз. Сондай-ақ қақпағы бар пластикалық контейнерлер қолданыңыз. Олар тоңазытқыштың ішінде иістердің араласпауына көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Шәйнектегі қақты тазартудың 5 әдісі
А. Жапатова