- Негізгі бет
- LifeStyle
- Лайфхак: күріш ыдысқа...
Лайфхак: күріш ыдысқа жабысып піспес үшін оған не қосу керек?
Күріш - көптеген тағамдарда қолданылатын, дәмді және пайдалы жарма түрі. Алайда кейде оны суға пісірген кезде ол табаға жабысып қалады. Ол ыдысқа және бір-біріне жабыспай пісу үшін не істеу керек?
Күріш - диеталық өнім. Қайнатылған күріштің 100 грамында небәрі 110-120 калория бар. Күрделі көмірсулар сізді ұзақ уақыт қанықтырады және артық тамақтанудан сақтайды. Себебі күрделі көмірсу адам ағзасында қорытылмайды, бірақ ішек жұмысын жақсартады, пайдалы бактериялардың дамуына жағдай жасайды. Күріштің 100 граммында 2,6 грамм ғана май бар. Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай.
Күріш жеңіл қорытылады және диарея мен іш кебу бірге жүретін асқазан-ішек аурулары үшін пайдалы.
Күріш пісіру кезінде нені ескеру керек?
Ең алдымен күрішті жақсылап жуу маңызды. Суыңыз мөлдір болғанша оны бірнеше рет жуу керек. Бұл күріштегі крахмал толықтай шайылды дегенді білдіреді.
Күріш ыдыс түбіне жабысып қалмас үшін барлық асүйде болатын жеміс көмектеседі. Бұл лимон. Күрішті отқа қойғаннан кейін және су қайнағанға дейін оған аздап лимон суын құйыңыз: шамамен бір ас қасық.
Тағы бір әдіс бар. Су қайнамай жатып оған өсімдік майын (2-3 ас қасық) құюға болады. Сол кезде күріш үгілмелі және біртекті болып піседі.
Оқи отырыңыз: Көгерген тағам жеп қойсаңыз не болады?
А. Жапатова