Танымал актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова алғаш рет продюсер болып, әйелдерге арналған сериал түсіріп жатыр. Түсірілім барысында түрлі жағымсыз жағдай болған, соның бірін актриса Желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізушінің айтуынша, сериалдың кезекті түсіріліміне белгілі бір мейрамханамен келісіп қойған. Бірақ түсірілімге бір түн қалғанда мейрамхана әкімшілігі келісімнен бас тартқан.
"Бұл туралы айту жағымсыз. Бірақ бірнеше күн бұрын біреулер мені қатты алдап, лақтырып кеттіі. Мен тағы да жылайтын сияқтымын.
Елестетіп көріңізші, біз сериалдың түсірудің ең қызу кезеңін бастадық. Біз өте маңызды және ауыр эпизодтарды түсіріп жатырмыз! Кенеттен мен ертеңгі түсірілімге келісілген орынның болмайтынын естимін.
Шынымды айтсам, маған түсірілім жоспарлаған мейрамхана ұнамаған еді. Мен бастапқыдан қарсы болдым, бірақ мейрамхана түсірілім тобына сәйкес келгендіктен - мен қарсы болмадым", - дейді ол.
"Түсірілімге бір күн қалғанда, түнде маған мейрахананың келісімнен бас тартқанын айтады. Мен таңғалдым. Мен қатты абдырап қалдым, тіпті жыладым.
Мен бір күн жоғалтып, түсірілім уақытын шегере алмадым, өйткені бұл өте қымбат. 60 адамға арналған кестені қайта жасап, жұмыс күнін ауыстыра алмадым", - деді актриса.
Дегенмен бір қуантарлығы, Айнұр Ілиясованың сөзінше, түсірілім өткізетін басқа мейрамхана аз уақыт ішінде табылған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең жиі және ең сирек кездесетін қан топтары қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!