"Қызым" деп айтпаймын". Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы туралы айтты

"Қызым" деп айтпаймын".  Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Жеңіс Ысқақова "1001 түн" бағдарламасында келінімен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі келініне көмектесіп тұратынын айтты.

"Қазір басқаша сөйлеймін. Келінге "келін" деп қараймын. Ол үлкен статус қой. "Келін" деген статусты алып жүрудің өзі үлкен жауапкершілік. "Қызым" деп айтпаймын. Келінім - үйімнің сәні. Замандастарыма ұлыңыз таңдаған жарды мінеп-сынап қарамағаны жөн. Келіндік міндетін атқарған кезде білмегенін көрсетіп, үйретуі керек. Біз келінімізбен бірге тұрамыз. Ескертудің өзін келініме үшінші күні жаймен ақырындап жеткіземін", - деді ол.

Әнші келінінің мамандығын да атап өтті.

"Келінім - ұстаз, докторантурада оқиды. Үйде болсам, тамақты өзім жасай саламын. Ол да менің балам ғой",- деді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы