Қызылша - ең жұқпалы вирус инфекциясының бірі. Ол вакцина алмаған балалар мен сәбилерде асқынып кетуі мүмкін. Алматы қалалық балалар клиникалық инфекция ауруханасының орынбасары Қарлығаш Әбдірахманова балалардағы қызылшаның ең жиі кездесетін түрі пневмония мен бронхит екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, тыныс алу жүйесі зақымдануы науқасқа ауыр тиеді, мұндай адам ем алып, тұрақты түрде медициналық бақылауда болуы қажет.
Маман қызылша жоғары температура, айқын интоксикация және бөртпемен ғана қауіпті емес екенін жеткізді. Инфекция өкпе, құлақ қабынуына, көмей, кей кезде орталық жүйке жүйесі зақымдануына, соның ішінде энцефалит дамуына әкеп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар, қызылшадан кейін баланың иммун жүйесі уақытша әлсіреп, аурушаң болады. Дене қызуы көтерілгенде, бөртпе, жөтел пайда болғанда, медициналық көмекке уақытында жүгіну қажет.
Айта кетейік, Алматыда жыл басталғалы қызылша жұқтырған 591 адам тіркелген, олардың басым бөлігі - вакцина алмаған балалар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова