Қызғалдақ ұзақ сақталу үшін не істеу керек?

Қызғалдақ ұзақ сақталу үшін не істеу керек?
Фото: pixabay.com

Көктемгі мерекелерде нәзік жандылар сыйлыққа қызғалдақтар алады. Кейде ұзақ сақталған гүлдерге қарап, таңғалып жататындар бар. Солмағанына тамсанып: "Сірә, шын ниетімен сыйлаған ғой" деп жатады. Әрине, романтикаға сенуге болады, бірақ оның құпиясы басқада. Құмырадағы гүлді, соның ішінде қызғалдақты ұзақ сақтау үшін гүл баптаушылар қолданатын бірнеше қулық бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Құмыраны жуып, оған салқын су құйыңыз. Қызғалдақтар қатты салқын суды жақсы көреді, сондықтан, құмыра ішіне мұз салып жіберуге болады.
  • Қызғалдақ сабағының түбін тіке етіп кесіңіз. Раушан гүлді қисық етіп кесетінін көпшілік біледі де, қызғалдақта да солай деп ойлайды. Алайда оны тіке етіп кесу керек.
  • Суға тиіп тұрған жапырақтарын алып тастаңыз.
  • Құмыраны күнде жуып, суды ауыстырыңыз. Тұрып қалған суда микробтар белсенді дамиды. Соның салдарынан гүлдер тез өліп қалады. Суға антибактериалдық таблеткалар, мысалы, белсендірілген көмір немесе аспирин салып жіберуге болады.
  • Қызғалдақ сабағының түбін күнде 1 см-ге қиып тұрыңыз.
  • Қызғалдақтың ұзақ сақталуына көмектесетін тағы бір әдіс бар. Ол үшін гүлдің қауызының 2-3 см төмен жердегі сабақты инемен тесіп жіберіңіз.
  • Қызғалдақты күннің көзіне және жылытқыштар жанына қоймаңыз.
  • Қызғалдақтардың жанына жемістер және басқа гүлдерді қоймаған жөн.

Оқи отырыңыз: "Гүл бермеді". Психолог қыз-келіншектерге пайдалы кеңестер берді

А. Жапатова