- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қызды ұрған". Депутат...
"Қызды ұрған". Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлына қоңырау шалып, жылап қалды
Танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыханов "Динамен дұрыс" бағдарламасында ұлына хабарласып, жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эфир барысында журналист Дина Төлепберген депутаттан ұлдары Әкежан мен Ерасылға хабарласуын сұраған.
"Жылататын болыпсыз ғой... Әкежан, қалың қалай? Мен сені жақсы көремін, балам", - деп көзіне жас алады ол.
Депутат көзіне неліктен жас үйірілгенін, неге мұндай сөздерді айту қиын екенін түсіндірді.
"Тәртіп. Жылулық керек (балаға - еск.). Жылулықты шеше берсін деп ойлаймыз ғой", - деді Дәулет Тұрлыханов.
Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді.
Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Әкежан қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек мәжілісмен бұл жағдайдан бейхабар болғанын, жаңа ғана білгенін айтты.
Сондай-ақ, депутаттың достары, замандастары осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова