“Қыздарымен араласпайды“. Әнші Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі шындықты жайып салды

“Қыздарымен араласпайды“. Әнші Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі шындықты жайып салды
Фото: instagram.com/murat_khozha/, видео кадры

Kezdesu-дің кезекті қонағы - продюсер, кинотанушы Айман Нұразхан. Ол сұхбат барысында танымал әнші Мұрат Қожамен ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әншімен ажырасқанына 12 жылдан асқан. 

"Бір мәрте ғашық болдым. Қыздарымның әкесіне (Мұрат Қожаға - еск.). Оны бәрі біледі. Қыздарымның құжатында жазылып тұр. Өкінішке қарай, (қазір - еск.) араласпаймыз. Арасында концерттік бағдарламаларда көріп қалған кезде амандасамыз. Яғни ол менің қыздарыммен араласпайды. Нақты жауап сол. Оған дейін ол кісіге "аралас, хабарын біліп қой" деп айтылған. Бірақ ол кісі жақтан араласу деген нәрсе жоқ болғандықтан, мен қоя қойдым", - дейді Айман Нұразхан.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Айта кетейік, Мұрат Қожа "Нұрлан мен Мұрат" тобының мүшесі болған. Бұл топ 1996 жылы Атырауда құрылған. Олар алғаш рет қазақша рэп айтқан. Қоржындарында "Махаббат", "Лейла", "Жұлдызым" секілді танымал әндер бар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget