Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жары Мархабатпен шаңырақ көтергеніне 20 жыл толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесінің жары Мархабат Бесбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол үйлену тойдан суреттерді бөліскен.
"Бүгін бізге 20 жыл. 8.07.2004 - 8.07.2024
Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы.
Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік.
Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір, мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын.
Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін.
Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс.
Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда Ин шаа Аллаһ", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары әнші мен оның жарына бақытты құмыр тілеген.
"Бақыттарың баянды болсын, досым! Мархатаймен бір жастықта қартаюды жазсын жаратқан. Қырықбай, Елубайлар дүниеге келе берсін", "Осы тойды өзім ұйымдастырып едім десең", "Құтты болсын! Осы күні 1 апта тамақ ішпей жылап едім. Қайран жастық, Мейрамбекпен бірге біз де қартайып келе жатырмыз", "Құтты болсын. Бұрын оқушы кезімде М. Бесбаев үйленді деген жаңалықты "Жұлдыздар отбасы" деген журналдан оқығаным есімде", "Қазақстанның көп қызының жүрегі қақ ортасынан айырылған күні ғой", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тұңғыш балаға қандай ат қоюға болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!