Әнші Жазира Байырбекова болашақ келіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
"Ашық-шашық киінген қыздан да қорықпай-ақ қой, оның жан дүниесі жақсы болуы мүмкін, кейін жабылуы мүмкін деп жатырмын (ұлына-еск.). Денесіне татуировка салған қыздан да қорықпай-ақ қой леп жатырмын. Ондай қыздар да жақсы болып шығуы мүмкін. Бірте-бірте адам жасы ұлғайған сайын ұяты келеді, жабылады. Сен кімді жақсы көресің, мен соны жақсы көремін дедім", - дейді әнші.
Жазира Байырбековаға ұлы оны болашақ жарымен алдын-ала таныстырмайтынын айтқан. Оның себебін де түсіндірді.
"Баяғыда бір қызбен танысқан болатынмын. Көп жыл бұрын. Қазыбек (ұлы-еск.) ол кезде бала, ол қызды жақсы көрмей қалды. Ол қызбен бірге мен жылағанмын ғой. Содан кейін Қазыбек "сіз қыздармен бірге жылайтын болсаңыз, бұдан кейін сізді ешқандай қызбен таныстырмаймын. Тек үйленетін кезде бірақ таныстырамын" деді", - дейді Жазира Байырбекова.
@khabartv «Ашық киінетін қыздың жан дүниесі жақсы болуы мүмкін»: Жазира Байырбекова болашақ келіні жайлы айтты⤴️ ? Толық нұсқасын Khabar Tv YouTube арнасынан көре аласыз. #хабар#хабарарнасы#телеканалхабар#жазирабайырбекова#келін#ене#қыздар#ұйқымкелмейді ♬ оригинальный звук - Khabartv
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!