Танымал әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов жас жігіттерге үйленуге қатысты кеңес беріп, өзінің жеке өмірінен мысал келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлықпан Жолдасов қызы Фарида Жолдасовамен бірге "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, сұхбат берді. Сұхбат барысында қазір жігіттердің үйленбей ұзақ жүріп алатынын айтып, сынады. Әнші жігіттерде ертерек, "ақыл жоқ кезде" үйленуге кеңес берді.
"Мен өзім 17 жасымда үйлендім. Сол 17 жасымда жұмысқа кірдім. Қазіргілер жұмысын істейді, оқиды, тоқиды, жағдайын жасайды. Сөйтіп жүргенше қартаяды. Одан кейін қыз таба алмайды, таңдап қалады", - деді әнші.
Ол өзінің қалай үйленгенін мысалға келтірді.
"Біз бірінші рет кездескенде ешқандай ой болған жоқ, дүниеде шаруамыз жоқ, ойымыз тек үйлену. Сол дұрыс, ақыл жоқ кезде үйлену керек. Яғни сен көрген адамыңа ғашық болдың, болды. Басқа ештеңе ойламайсың. Үй жағдайы бола ма, болмай ма, маңызды емес, сен ғашықсың, болды", - деді Ұлықпан Жолдасов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!