- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қыз кезінде бәрі...
"Қыз кезінде бәрі жақсы". Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева енелерге кеңес берді
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ене мен келін туралы сөз қозғап, енелерге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнерпаз Instagram Stories-інде бөлісті.
"Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман келіншек қайдан шығады? Біз осы өзімізден өзіміз жаман боламыз ба? Күйеу мен қайын жұрт жақсы болса, енең жақсы болса, неге келін бір өзі жаман болады?" - деп жазған ол.
Сондай-ақ, өнер иесі енелерге кеңес берді.
Қызыңды еркелетіп, төрге отырғызып, мәпелеп өсіресің. Бір жігіт "ғашықпын" деп алып кетеді. Сөйтіп босағасына отырғызып қояды. Қайын жұрттың ортасына түсесің. Басында араласасың, кейін арпалысасың. Осының бәрінің шешімі ұлдың анасында. Яғни, ене өзінің бір үйдің қызы болғанын естен шығармауы керек", - деп жазды актриса.
Еске салайық, бұған дейін актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты әңгімелерге нүкте қойған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұнай қашан таусылуы мүмкін?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек