Қазгидромет 19, 20, 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңбыр, қар жауады
Суық ауа массалары Қазақстанның оңтүстігі арқылы жылжып, жаңбырдың арты қарға ұласады. Кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанып отыр.
Жел күшейіп, көктайғақ болады.
Ауа температурасы
Сондай-ақ, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз, түнде термометр бағаны 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова