Қысқы дөңгелекке ауыстырмағандарға айыппұл салынады

Қысқы дөңгелекке ауыстырмағандарға айыппұл салынады
Фото: depositphotos.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық көлік жүргізушісі қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Жол ережесіне сәйкес қыста жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанша теңге айыппұл салынады?

Заңға сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруге тиіс. Бұл талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолданылады. Бірінші рет ереже бұзған жағдайда жүргізуші 5 АЕК, яғни 19 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды.

Ал бұл жағдай қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 79 мың теңге айыппұл салынады.

2026 жылы АЕК қалай өзгереді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді. Ол 4 325 теңге (2025 жылы бұл - 3 932 теңге) болады. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget