- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қысқа ойлайды, санасы...
"Қысқа ойлайды, санасы жетпейді". Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшаында айтты.
"Байқайсыздар ма, оқып та жүрген боларсыздар? Қайраттың ата-анасына, біздерге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса 20 пайызы азғырумен отырады, "ой, мамасының баласы" дегеннен бастап мұқатып. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес және Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді.
Мынадай мәтелдер жәйдан-жәй емес: "Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!", "Ата-ананың ақ батасы, сені үлкен жетістіктерге жеткізеді", "Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!", "Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!". Мәтелдер ұнап жатса, ойыңызға түйіп, сізде ойыңызда жүрген мәтелдерді жаза кетіңіз. "Жақсы сөз жарым ырыс!". О адамдар, жақсы сөйлейікші, бір-бірімізге жақсылық жасайықшы, сол кезде елімізге де Алла әр отбасына да, жақсылықтың нұрын төгеді, мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!", - дейді продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина