“Қыс сияқты“. Алматы облысындағы ауылдарда қар жауды

“Қыс сияқты“. Алматы облысындағы ауылдарда қар жауды
Фото: Видео кадры

Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында алғашқы қар жауды. Ерекше кадрды әлеуметтік желіде блогер Ернар Алмабек жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Райымбек, Кеген аудандары таулы аймақта орналасқан. Сондықтан мұнда қардың ерте жаууы - қалыпты жағдай. Тіпті тамызда қар жауған кездер болған.

"24 қыркүйек. Ауылымызға қар жауды. Бір жақта 30 градус ыстық боп тұрса, екінші жағында қар жауып жатқан қазақ жерінің кеңдігін қараңыздаршы! Па, шіркін!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget