Қазгидромет 2, 3, 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Сондықтан жаңбыр мен қар жауады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болжанып отыр. Тек батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!