Реми есімді жігіт терісіндегі суретті салуға өте көп уақыт кетірген, бірақ ол әлі аяқталмаған. Оның денесінің шамамен 95 пайызы бояумен қапталған. Ол бояуларға 150 мың доллардан көп қаражат жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Татуировка көп уақыт пен қаражатты қажет етеді. Оның денесіндегі суретті салуға кеткен ақша 115 мың фунт стерлингтен (150 мың доллар) асып кеткен.
Реми 2007 жылы (сурет: instagram.com/ephemeral__remy)
Реми өзінің инстаграм-парақшасында оның суретінде бір немесе екі жылда не өзгергенін көрсетіп тұрады. Ол сондай-ақ бар суретті жаңартып тұрады. Оның денесіндегі негізгі сурет кеуде тұсында орналасқан.
Қазір оның бүкіл денесі татуировкамен қапталған, тек бетінің кей жерлері ғана боялмаған.
Сурет: (instagram.com/ephemeral__remy)
Оның айтуынша, оған әйелі мен жасөспірім баласы қолдау көрсетеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова