Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: depositphotos.com

Жазда көп демалмағандар Конституция күніне орай берілетін қосымша демалысты пайдалана алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. 2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңда көзделген қағидаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Демалыс күндерінің кестесі:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек - демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де қосымша демалыс күндерін пайдалана алады. Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз - демалыс күндері, 1 қыркүйек - жұмыс күні.

Қыркүйектегі бес күндік жұмыс аптасы

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін 2025 жылы қыркүйекте 9 демалыс күні болады: әдеттегі сенбі және жексенбі (8 күн), сонымен қатар, қосымша бір күн демалыс (30 тамыздағы демалыс 1 қыркүйекке ауыстырылды).

Қыркүйектегі алты күндік жұмыс аптасы

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін қыркүйекте 4 демалыс күні бар.

  • 7 қыркүйек (жексенбі),
  • 14 қыркүйек (жексенбі),
  • 21 қыркүйек (жексенбі),
  • 28 қыркүйек (жексенбі).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget