Қыркүйекте қанша күн демалыс беріледі?

Қыркүйекте қанша күн демалыс беріледі?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Биылғы қыркүйек қосымша демалыссыз өтеді. Азаматтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыркүйекте мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ, сондықтан бұл айда қосымша демалыс қарастырылмаған.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін қыркүйекте 22 жұмыс күні және 8 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 26 жұмыс күні, 4 демалыс күні болады.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 5 және 6 қыркүйек;
  • 12 және 13 қыркүйек;
  • 19 және 20 қыркүйек;
  • 26 және 27 қыркүйек.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 6 қыркүйек;
  • 13 қыркүйек;
  • 20 қыркүйек;
  • 27 қыркүйек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget