Гастроэнтеролог Евгения Мельникова қыжылды жеңілдететін өнімдер аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, асқазандағы қыжылды жұмсартудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі – бір стакан газсыз су. Сондай-ақ сұлы, зығыр дәні немесе күріштен дайындалған ботқалар көмектесе алады. Мельникова ботқаны сүтсіз пісіріп, ұйқыға бірнеше сағат қалғанда жеген жөн.
Гастроэнтерологтың айтуынша, шырышты қабықтарды жұмсартатын банандар мен қышқыл сүт өнімдері де пайдалы болуы мүмкін. Бұдан бөлек, оның сөзінше, өңеш күйіп бара жатқандай сезім болса, оны картоп, сәбіз, балдыркөк, майы аз балық пен ет, имбирь және түймедақ шайы азайтады.
Мельникова өнімдер жай ғана жайсыздықты азайтатынын, бірақ қыжылды емдемейтінін ерекше атап өтті. Қыжылдан толық құтылу үшін дәрігерге қаралып, оның пайда болу себебін анықтауды ұсынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz