Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман жары Қарақатпен бас қосқанына 24 жыл толуына орай әйеліне гауһар тасы бар әшекей сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"20 тамыз - біздер үшін, өмір бақи есте қалатын күн, маңызды мереке! 24 жыл бұрын, Қақатым екеуміз мешітке барып, Лесбай имамға ақ некемізді қидырған ерекше күн! Сол кезде іштей "ерекше мейірімді Алла, өзің қостың, біздерді енді ешқашан айырма! Бақыт бер, береке бер" деп тілеген күн! Бұрын "ұнатқан заттарыңды өзің таңдап ал" деуші едім. Бұл жолы сыйлықты Әмина қарындасыма арнайы тапсырыс бердім. Гауhар тастар қосуын өтіндім. "Гауhар тойымызға аман-есен жеткізсін" деген ниет. Қақатымның дені сау, ғұмыры ұзақ болсыншы, Алда бере салған әрбір перзенттеріміздің бақытын көрсет, ерекше мейірімді Раббым!" - деп жазған ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің мұндай сыйлығына тәнті болып, өнерлі жұпты айтулы мерекемен құттықтап жатыр.
"Қандай керемет, жұптарыңыз жазылмасын, әйелінің тілеуін тілеген нағыз жанашыры - қол ұстасқан жары", "Керемет! Күміс той, алтын той, гауһар той бола берсін!", "Қарақат ханыммен бақытты болып, бақытты да ұзақ ғұмыр кешіп, балалардың қызықтарын бірге тойлап жүре беріңіздер, немере, шөбереге жетіңіздер", "Ғибрат алатын көрініс, бақытыңыз ұзағынан болсын! Елге белгілі Азаматтың жазған жазбаларының өзі де ерекше! Ерекше әдемі отбасына қайырлы ғұмыр тілейміз!" - деп жазған олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!