Күзде иммунитетті нығайтуға көмектесетін өнім түрлері аталды

Күзде иммунитетті нығайтуға көмектесетін өнім түрлері аталды
Фото: depositphotos.com

Асқабақ, сәбіз, балық, жұмыртқа және жаңғақ суық тиюден қорғануға, иммунитетті нығайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандар асқабақ пен сәбізде каротиноид, ағзаға қажет жасұнық көп екенін айтты. Ал майлы балық пен жұмыртқа D дәруменіне, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақ мырышқа бай.

"Құс еті мен теңіз өнімдері - селеннің таптырмас көзі", - деді мамандар.

Дегенмен сарапшылар бір ғана өнім немесе дәрумен ЖРВИ-ден толық қорғай алмайтынын да ескертті. Инфекцияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйықтау және дене белсенділігін сақтау маңызды. 

Еске салайық, бұған дейін иммунитетті нығайтуға не керек екені айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget