Адам бәріне бірдей ұнай алмайды. Бөгде адамдардың сынына төтеп беру оңай, бірақ күйеуіңнің туыстары жақтырмаса, ол әйелге өте ауыр тиеді. Психолог Анастасия Бабийчук мұндай жағдайда отбасын сақтап қалудың бес жолын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Басқа адамдардың сезімін өзгертуге болмайды. Қанша тырыссаңыз да, олардың бәрі бірдей жақсы көреді деген кепіл жоқ. Әркімнің өз ойы, өз қалауы бар. Сіз жақсы болсаңыз да, оны бағаламауы мүмкін. Сондықтан күш-қуатыңызды күйеуіңізбен қарым-қатынасты дұрыстауға жұмсағаныңыз жөн.
2. Мәселені нақтылаңыз
"Күйеуімнің туыстары мені жек көред" деген сөздің астары қандай?
3. Күйеуіңізбен бір болыңыз
Туыстары қабылдамай қойса, бұл күйеуіңізге де қиын. Ол екі жақтың ортасында қалады. Бірақ "не олар, не мен" деп талап қоюдың қажеті жоқ. Ең дұрысы - күйеуіңізбен бірге ережелерді анықтап алу. Мысалы, қаржы немесе қонаққа бару жиілігін ата-анамен талқыламай, бірге шешу.
4. Сыйластықты сақтаңыз
Сіз бәріне ұнауға міндетті емессіз. Артық жағынуға тырысқан сайын керісінше әсер етуі мүмкін. Оның орнына сыпайы, сыйлы қарым-қатынас ұстаныңыз.
5. Өзіңізді бірінші орынға қойыңыз
Туыстарының пікірі сіздің құныңызды анықтамайды. Жақсы қасиеттеріңізді, жетістіктеріңізді мойындап жүріңіз. Қолдау көрсететін жандармен араласыңыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз