Айналаңызда ақылды көріну үшін түрлі термин сөздер мен философиялық тақырыпта әңгіме айтатын кем дегенде бір адам бар шығар. Алайда психологтар ақылды адам өзін өзгелерден ерекше ұстауға тырыспайтынын айтты. Мамандар ер адам ақылды екенін көрсететін белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Қызығушылық
Психологтардың сөзінше, жаңа затты білуге ұмтылып жүретін ізденімпаз адамдар ақылды келеді.
"Қызығушылықтың арқасында ми кез келген ақпаратты іздеуге тырысып, оны есте сақтайды", - дейді Дэвис университетінің неврологы, дәрігер Маттиас Грубер.
Саналы
Өзін-өзі тануға тырысу - адамға өзін танып, сезімін, сенімі мен ойлау қабілетін нақты түсінуге көмектеседі.
Салауатты скептицизм
Ақылды адам өзіне айтылған пікірді оң көзқараспен байсалды қабылдап, өз ой түйірінен өткізеді.
Заңдылықты ажырата білу
Ақылды адам кез келген жағдайды шебер түрде талдай алады, сондықтан өзгелер назардан тыс қалдыруы мүмкін жағдайды ұмытпай, саралайды.
Әзіл-оспақты жақсы түсінетін
Тапқырлық пен шеберлік жоғары интеллекттің дәлелі. Басқаның астары бар әзілін түсініп, өзгені күлдіре алу үшін ақпаратты миында тез өңдей алуға когнитивті икемділік қажет. Ақылды адам әдетте креативті болғандықтан, оларға әзілдеу қиынға соқпайды.
Белгілі бір затты білмеу ұят емес екенін түсінетін адам
Ақылды адам ешқашан "мен бәрін білемін" деп көкірегін соқпайды, себебі олар әлемде өзі білмейтін қаншама жаңалық пен ақпараттың бар екенін біледі, түсінеді.
Мәселенің шешімін таба білу
Ақыл мен сыни ойлау қатар жүреді. Ақылды адам жағдай дерегін мұқият зерттеп, ара-жігін ажыратып, мәселені объективті түрде, эмоциясыз шешуге тырысады.
Жағдайға бейімделу қабілеті
Бейімделу - интеллекттің белгісі. Ақылды адам әрдайым кез-келген серігімен талқылайтын тақырып табады, ол келіссөздер үстелінде де, шулы кеште де өзін жайлы сезінеді. Әңгіме тақырыбы оған ұнамаса да, оңай сөз таластыра алады.
Маңызы жоқ әңгімелерді елемейді
Ауа райы, өзгенің киім үлгісі, медиа тұлғаның жеке өмірі туралы әңгімелесетін адамдар бар. Ақылды адамды мұндай тақырыптар қызықтырмайды. Олар нақты дәлелмен аздап сөз таластыра алатын әңгімелерді қолдайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Фемвертайзинг деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!