- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Күйеуіңді жібер". Елдос...
"Күйеуіңді жібер". Елдос "Колобоктың" әйелі көңіліне тиетін жайттар жайлы айтты
Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева "Әсембике" бағдарламасына берген сұхбатында көңіліне тиетін сөздер жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Таңшолпан Шотаева әлеуметтік желіде қыздарға таңғалатынын айтты. Оның айтуынша, олар Елдос Кәдірхановқа түрлі хаттар жібереді.
"Олар Елдосқа "мен саған бала туып берейін", "Таңшолпанды не істейсің, оның қай жеріне қызығып жүрсің, туа алатын қыздар бар ғой", "екінші әйел ал" деген секілді хаттар жібереді", - деді ол.
Сол секілді оқырмандар өзіне де көңіліне тиетін сөздер жазатын айтты.
"Маған "күйеуіңді жібер", "оған туып беретін әйел алып бер", "оның ақшасы үшін жүрсің" деген секілді хаттар келеді", - дейді блогер.
Таңшолпан Шотаева мұндай сөздер бастапқыда қатты жүрегіне тигенін, алайда бұл сөздерге де еті үйренгенін жеткізді.
"Пікірлерді оқып жылаған талай кездер болды. Елдос екеуміз бір-бірімізді жұбатып, жылап алған кездер де болды. Мұны басынан сондай жағдай өткен адам ғана түсінеді", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова